34.7 C
Shymkent
1 августа, 2026
adilettv

«S-GROUP» ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСШЫЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ ТЕРГЕУ АЯҚТАЛДЫ

ҚМА Ақмола облысы бойынша департаменті прокуратураның үйлестіруімен Көкшетау қаласындағы «S-Group» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесінің басшыларына қатысты тергеуді аяқтады.
Ұйымдастырушылар «S-Pharmaceutical» және өзге де жобаларға медициналық каннабис өндірісі мен дистрибуциясына инвестиция тарту сылтауымен, салымшыларға әрбір жаңадан тартылған қатысушыға салым сомасының 5%-ы мөлшерінде кепілдендірілген табыс уәде еткен.

Қатысу үшін сайтта тіркеліп, кем дегенде 100 АҚШ долларынан бастап салым жасау талап етілген.Айта кетсек, күдіктілердің бірі бұған дейін «Life Is Good» және «Finiko» қаржы пирамидаларына қатысып, онда табыс тауып, кейін осындай схема арқылы өз жобасын құрған.Нәтижесінде қаржы пирамидаға 59 азамат тартылып, олар жалпы 136 миллион теңгеден астам қаражат салған.Күдіктілер салымшылардың ақшасына елордадан екі пәтер мен автотұрақ орнын сатып алған, оларға соттың санкциясымен тыйым салынды.Үш ұйымдастырушыға қатысты қозғалысын шектеу және тәртіп сақтау туралы қолхатпен бұлтартпау шарасы қолданылды.
Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес, басқа ақпарат жариялауға жатпайды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЗЫЛ КРЕСТ КОМИТЕТІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ МИРЬЯНА СПОЛЯРИЧПЕН КЕЗДЕСТІ

AdiletTV

Шымкент қаласы: Нұрлан Алмасбеков: «Құқық бұзушылық жазасыз қалмайды»

AdiletTV

ҰҚК ПРОБЛЕМАЛЫҚ КРЕДИТТЕР ҚОРЫНЫҢ ЭКС-БАСШЫСЫН ҰСТАДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз