5.3 C
Shymkent
26 февраля, 2026
adilettv

СҰЙЫТЫЛҒАН ГАЗДЫҢ КӨТЕРМЕ БАҒАСЫ ӨСЕДІ: ТАПШЫЛЫҚТЫ ЖОЮҒА БАҒЫТТАЛҒАН ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАНУДА

Энергетика министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта сұйытылған мұнай газы (СМГ) тапшылығы шамамен 20-25%-ды құрайды. Егер алдағы уақытта газ бағасын тұрақтандыруға бағытталған саясатқа көшпесе және қажетті шаралар қабылданбаса, бұл тапшылықтың одан әрі арту қаупі бар.
Осыған байланысты министрлік сұйытылған газдың шекті көтерме бағасын тоннасына 45 158 теңгеден 51 932 теңгеге дейін көтеру туралы бұйрық жобасын әзірледі. Сонымен қатар, өңірге байланысты шекті бөлшек сауда бағасы 6 теңгеден 21 теңгеге дейін өзгертіледі.
Бұл шешім елдегі газ тапшылығын азайтуға, ішкі нарықты толық қамтамасыз етуге және газ өңдеу саласына инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Сарапшылардың пікірінше, бұл қадам елдегі газ өндірісін тұрақтандырып, болашақта энергия ресурстарының жеткізілуін қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ПРЕЗИДЕНТ «ТАЗА» КӨМІР ӨНДІРІСІ ТУРАЛЫ

AdiletTV

Шымкент қаласы: Әл-Фараби АПБ жыл басынан бері жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында әр түрлі тақырыпта 785 әңгіме-дәрістер мен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді.

AdiletTV

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ «МӘҢГІЛІК БИЛІККЕ» ЖОЯДЫ – ДЕПУТАТ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз