adilettv

«САПАЛЫ БІЛІМ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ҮЗДІК ҰСТАЗДАРҒА ГРАНТТАР ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ

Шымкент қаласында білім беру жүйесінің сапасын арттыру, адами капиталды дамыту және саланы заманауи талаптарға сәйкестендіру мақсатында 2027 жылға дейін «Сапалы білім» жобасын жүзеге асыру жоспарланған. Жоба аясында білім сапасын мониторингтеу мен талдаудың бірыңғай жүйесі енгізіліп, оқушылардың функционалдық, зерттеушілік және сыни ойлау дағдыларын дамытуға басымдық беріледі.
Сонымен қатар, педагог мамандарға арналған арнайы конкурс жарияланып, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, кәсіби дамуға ұмтылатын ұстаздарды қолдауға нақты мүмкіндік берілмек.
Конкурс қорытындысы бойынша үздік деп танылған педагогтерге Шымкент қаласы әкімінің арнайы 100 гранты табысталады. Гранттар мұғалімдердің кәсіби әлеуетін арттыруға, тәжірибесін жетілдіруге және білім сапасын көтеруге бағытталады.
Бұл бастама ұстаз еңбегін бағалау, педагогтердің кәсіби өсуіне жағдай жасау және қаладағы білім сапасын жаңа деңгейге көтеруге жасалған маңызды қадам болмақ.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

МАЛЫЙ И СРЕДНИЙ БИЗНЕС: ЗА 10 МЕСЯЦЕВ ПОДДЕРЖКУ ПОЛУЧИЛИ 1 971 ПРОЕКТ

AdiletTV

ПАВЕЛ ДУРОВТЫҢ ҮСТІНЕН ТЕРРОРИЗМ БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ҚОЗҒАЛДЫ

AdiletTV

Город Шымкент: не меняйте светлую жизнь и здоровье — на бесчестие и глупость! Здоровье-огромное богатство! проводится разъяснительная работа.

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз