5.3 C
Shymkent
26 февраля, 2026
adilettv

Шекарашы кітапхана қорына кітаптар сыйлады

«… Той қуалайтын емес, ой қуалайтын кезеңмен бетпе-бет келдік. Бұл дәуір—ақыл-ойдың, ғылым мен білімнің, еңбектің дәуірі! »—деген болатын өз сөзінде президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев. Расында, қазір адамға өмір сүру үшін материалдық құндылықтан жоғары рухани азық керек. Соны міне енді түсініп жатырмыз. Әрине, сол игілікті меңгеру үшін кітаптың бізге берері мол. Кітап оқу арқылы адамның жан дүниесі тазарады, әлемге, жанындағы адамдарға басқаша көзқараспен қарай бастайды, өмірге махаббатпен қарауды үйренеді, мәселелерді ақыл көзімен саралайды. Сонымен қатар, адамның шығармашылық қабілетін дамытады,креативтілікке әкеледі және ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамытады. Дәл осы мақсатта ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаменті бөлімінің аға офицері майор Қайрат Нұрмашев департаменттің кітапхана қорына 31 дана қазақ және орыс тілдеріндегі әдебиеттерді сыйға тартты. Осылайша офицер тамаша игі істің бастамашысы бола білді. Кітапханаға сыйланған кітаптардың барлығы да соңғы жылдары шығарылған кітаптардан тұрады.

Жалпы сомасы 121 мың теңге көлеміндегі кітапты сыйға тартқан Қайрат Абдирасулұлы департамент жеке құрамының оқуға деген ынтасын арттыру, игі іс жасау мақсатында жасағанын алға тартады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ӘЛ-ФАРАБИ МЕН АБАЙ АУДАНДАРЫНДА ЖАҢА ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КӨРІНІСТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ІСКЕ АСАДЫ

AdiletTV

Развитие индустриальных зон — опора экономики Шымкента

AdiletTV

ҚЫЗМЕТ БАБЫН АСЫРА ПАЙДАЛАНДЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТІК МІНДЕТІН ОРЫНДАМАҒАНЫ ҮШІН СОТТАЛАДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз