Ақпарат

ҮШЕМ ДҮНИЕГЕ КЕЛДІ

Үшемдерді дүниеге әкелген Шымкент қаласының 24 жастағы тұрғыны Айгүл Бақытжанқызы.

Үшем ұлдар мерзімінен бұрын, яғни жүктіліктің 31-аптасында 15 сәуір күні қалалық перзентханада дүниеге келген. Олардың бірінің салмағы 1580 грамм болса, екіншісі − 1640, үшіншісінікі 1610 грам болып туылған. Дәрігерлер үшемдерді алдымен жансақтау бөлімінде тұрақты бақылауда ұстап, тиісті ем-шараларды жасап, кейін палатаға шығарып, күтіп-баптаған.
Едәуір салмақ жинап, жағдайлары жақсарған үшемдер мен олардың анасын бүгін Шымкенттегі перзентхана қызметкерлері салтанатты рәсіммен үйлеріне шығарып салды.

Шексіз қуанышқа кенелген отбасы үшемге Мырзахмет, Нұрмаханбет, Дінмухаммед деген есімдер берген. Бұл – Шымкенттегі жыл басынан бері өмірге келген төртінші үшем.

Айта кетейік, жыл басынан бері қалада 10913 сәби дүниеге келген. Оның 5579-ы ұл болса, 5334-і қыз. Егіздердің саны 107-ге жетіп, төрт үшем өмірге келген.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

КЕЛЕСТІК КӘСІПКЕР ҚЫТАЙ САПАРЫНАН СОҢ ЦЕХ АШТЫ

AdiletTV

«БЕРЕКЕ БІРЛІКТЕ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

AdiletTV

Қазақстанда алменттен жалтарғандардың қарызы 13 млрд теңгеге жетті

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз