5.3 C
Shymkent
26 февраля, 2026
adilettv

Шымкент қаласы: құмар ойындарының зияны және отбасы құндылықтарын дәріптеу

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Шымкент медрессе колледжінің жастарының қатысуымен «Құмарсыз қоғам» және «Ұлт тірегі отбасы» тақырыбында кездесу өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – лудоманияның зиянын түсіндіріп, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ отбасы құндылықтарын дәріптеу.
Кездесуге Шымкент қаласы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Жайлаубек Шыңғыс Нұржанұлы, Шымкент қаласы Полиция департаментінің Киберпол тобының жетекшісі, полиция капитаны Шегірбай Мақсат Қалыбайұлы және Жастар ресурстық орталығының Психологиялық көмек күйзелістің алдын алу және жас отбасылармен жұмыс бөлімінің психологы Сайдахан Жібек Мұратқызы қатысты.
Шара барысында спикерлер лудоманияның адам өміріне және қоғамға зияны, отбасындағы зорлық-зомбылық, буллинг мәселелері туралы айтып, жастарды саналы түрде өз болашағына жауапкершілікпен қарауға және отбасылық құндылықтарды құрметтеуге шақырды. Кездесуде студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, өз пікірлерімен бөлісіп, кері байланыс орнатылды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«S-GROUP» ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ БӨЛІМШЕСІНІҢ БАСШЫЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ ТЕРГЕУ АЯҚТАЛДЫ

AdiletTV

ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ БҰРЫНҒЫ ДЕПУТАТЫ АМАНГЕЛДІ МОМЫШЕВ ДҮНИЕДЕН ӨТТІ.

AdiletTV

БУРАБАЙДА ҚАҢҒЫБАС ИТТЕРДІ АТҚАН ҚЫЗМЕТКЕРДІҢ ОҒЫ АДАМҒА ТИІП КЕТКЕН

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз