4.3 C
Shymkent
7 марта, 2026
adilettv

ШЫМКЕНТТЕ 247-БҮЙРЕК ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫ СӘТТІ ӨТТІ

Қалалық №1 клиникалық ауруханада жоғары технологиялық күрделі операция жасалып, тірі донордың бүйрегі науқасқа салынды.
40 жастағы азамат 47 жастағы туған ағасына бір бүйрегін берді. Бұл медицинадағы ең күрделі әрі жауапты хирургиялық әдістің бірі саналады.
Бірнеше кезеңнен тұратын күрделі операцияны тәжірибелі трансплантологтар, хирургтар және анестезиологтар сәтті жасап шықты.
Қазіргі уақытта донор мен реципиенттің жағдайы тұрақты, олар дәрігерлердің бақылауымен қажет ем қабылдауда.
Тірі донорлық бүйрек трансплантациясы – созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі бар науқастар үшін ең тиімді емдеу тәсілдерінің бірі. Мұндай операциялар пациенттердің өмір сапасын жақсартып, ұзақ әрі белсенді өмір сүруіне мүмкіндік береді.
Айта кетейік, бүгінге дейін Шымкент қаласында 247 бүйрек және 35 бауыр трансплантациясы сәтті жүзеге асырылған.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Предпринимателям Шымкента разъяснили об экономико-социальных программах

AdiletTV

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ «ҚАЗМҰНАЙГАЗ» ҰК АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ АСХАТ ХАСЕНОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

AdiletTV

Кәсіпкерлер палатасында қосымша құн салығын қайтару туралы талқыланды

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз