adilettv

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ КӨПБАЛАЛЫ, АРДАҚТЫ АНАЛАРМЕН КЕЗДЕСІП, МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Нұралхан Көшеров Түркістан облысының ардақты аналарымен және қоғамның түрлі саласында еңбек етіп жүрген қыз-келіншектермен кездесіп, пікір алмасты. Жүздесу барысында аналардың қоғамдағы орны, отбасы тәрбиесі мен ұрпаққа берілетін мейірім мен жылулық жайында тағылымды әңгіме өрбіді.

Возможно, это изображение один или несколько человек и текст
▪️Түркістан облысы – аналардың ақ батасы мен отбасының берекесі ұйысқан өңір. Бүгінде облыста 2 148,2 мың адам тұрса, оның 1 055,6 мыңы немесе 49 пайызы – нәзікжандылар. Олар қоғамның әр саласында еңбек етіп, отбасының ұйытқысы, ұрпақ тәрбиесінің алтын діңгегі болып келеді.
Возможно, это изображение танцы
▪️Өңірде ана мәртебесінің биіктігін айқындайтын тағы бір айрықша көрсеткіш – көпбалалы аналардың көптігі. Республикадағы 861,6 мың көпбалалы ананың төрттен бір бөлігі, яғни 191 мыңнан астамы дәл осы өңірде өмір сүріп жатыр. Олардың қатарында 18 жасқа дейінгі төрт және одан да көп бала тәрбиелеп отырған аналар саны – 123 059 ана, «Батыр ана» атанған 1849 аяулы жан, «Алтын алқа» иегері атанған 18 964 ана, «Күміс алқа» төсбелгісін иеленген 45 мыңнан аса ана және I–II дәрежелі «Ана даңқы» орденімен марапатталған 2879 ана бар.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Город Шымкент: в участковой полиции №34 Енбекшинского района количество мошеннических преступлений снизилось с 15 до 14 или -6,7 процента.

AdiletTV

САРБАЗ ӨЛІМІ ТУРАЛЫ ТАҒЫ ҚАЙҒЫЛЫ ХАБАР…

AdiletTV

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ: «БІР ПАЛАТАЛЫ ПАРЛАМЕНТКЕ КӨШУ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҮРДІСКЕ ТОЛЫҚ САЙ КЕЛЕДІ»

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз