Қоғам

ШЫМКЕНТТЕ CАУДА ОРЫНДАРЫ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАНУДА

Қала аумағындағы базарлар «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңында көрсетілген құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкестендіріліп, модернизациялаудан өтетін болады. Қазір қалада 19 базар жұмыс істейді. Олардың 15-де атап айтқанда «Бекжан», «Шымкент Тұлпар», «Исатай», «Акбар», «Ынтық ата», «Барыс», «Жабық базар», «Көктем», «Жібек Жолы», «Жаңа шахар», «Назым апа», «Көмеш бұлақ», «Нұр Сайрам», «Дархан», «Айна» базарларында жұмыстар аяқталған.

Сонымен қатар, 4 базарда («Авто Нұр», «Қырғы базар», «Алаш», «Самал») модернизациялау жұмыстарын жүргізу туралы Жол картасы бекітілген. Осыған сәйкес «Алаш», «Самал» базарларын заманауи талапқа сай жаңарту жұмыстары 2024 жылдың соңында аяқталады. «Авто Нұр» мен «Қырғы базар» базарларында бұл бағыттағы құрылыс 2025 жылдың соңында атқарылады.

AdiletTV Шымкент облысы әкімінің баспасөз сілтемесімен хабарлайды

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Ақтөбе облысында су тасқыны қаупінен адамдар эвакуацияланды

Қазақстан уақыт жағынан Мальдив пен Амстердаммен тең болады

Қазақстандықтардың жартысынан азы сиреналарды естиді. Олар 10 миллиард теңге жұмсады