Ақпарат

Шымкентте сенатор мәдени саланы дамыту мәселесін талқылады

Сенатор Айгүл Қапбарова Шымкент қаласына сапары барысында «Конгресс-холл» көпфункционалды мәдени орталығының қызметімен танысты. Онда халықтың барлық топтарына мәдени шараларға қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету, мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту және шығармашылық жастарға жағдай жасау мәселелерін ұжыммен бірге талқылады.
Сенатор түрлі қоғамдық шаралар, конференциялар, фестивальдар мен концерттік қойылымдар, сондай-ақ мультимедиялық жабдықтар өткізуге арналған Конгресс-холлдың мүмкіндіктерімен танысты деп хабарлайды BAQ.KZ. Кешенде сонымен қатар қолөнершілер орталығы мен шеберхана, сондай-ақ дайын бұйымдарға арналған көрме алаңы, қолөнер тарихымен танысуға арналған мультимедиялық кабинет және қазақтың ұлттық биі мен музыкалық қойылымдарға арналған үлкен залдар жұмыс істейді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Утильалым мәселелері бойынша петицияны қарау жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті

AdiletTV

ЗАҢҒАР НҰРЛАНҰЛЫ ТАҒЫ ДА ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНАН КӨРІНДІ

AdiletTV

GOOGLE DEVELOPER GROUPS АТТЫ IT КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ.

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз