adilettv

ШЫМКЕНТТЕ СТАЛКИНГ ЖАСАҒАН ЕКІ КҮДІКТІ ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

Полиция қызметкерлері әйелдерге қатысты жасалған сталкингтің екі дерегін анықтап, жолын кесті. Екі жағдайда да күдіктілер жәбірленушілермен бұрын-соңды таныс болған,
Алғашқы оқиғада қала тұрғыны полицияға бұрын қарым-қатынаста болған ер адамға қатысты арызданған. Қарым-қатынастың тоқтағанына қарамастан, күдікті әйелді мазалап, түрлі нөмірлерден қоңырау шалып, хабарламалар жазған, үйіне және жұмыс орнына барып, тыныштығын бұзған. Күдікті қамауға алынды.
Екінші жағдайда сталкинг физикалық күш қолдануға ұласып, жәбірленуші полицияға жүгінген. Аталған жайт бойынша сталкинг және ұрып-соғу баптарымен қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ ҒАЛЫМЖАН ЕЛШІБАЙДЫҢ «ҚАЛАМҒА ҚОНҒАН ҚҰТ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

Admin

Астанада 23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуан қайтыс болды

Admin

«Сізді тұңғиыққа ұшып бара жатқандай сезінесіз». Алматыдағы люктермен не болып жатыр

admin

Пікір қалдырыңыз