adilettv

ШЫМКЕНТТЕ ТАҒЫ БІР ТҰРҒЫН АЛАБЫ ГАЗДАНДЫРЫЛДЫ

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков 60 мыңнан астам халқы бар Қайнарбұлақ тұрғын алабын газдандыруға бастау берді. Тұрғындар осыған дейін сұйытылған газды күнделікті қолданып келген.
Газ құбырының құрылысы 2022 жылы басталған. Қала әкімі халықты сапалы қызметпен қамтуда жауапты тұлғаларға газ құбырын ерте кезеңде пайдалануға беруді жеделдетуді тапсырды.
Айта кетейік, бүгінде абоненттердің 60% — көгілдір газға қол жеткізді, ал 40% — ы биыл қараша айының соңына дейін қосылады. Тұрғындар қазірден қосылуға өтініш бере алады.
Сонымен қатар, осы жылдың соңына дейін Ынтымақ-2, Тассай, Бозарық және Көктөбе шағын аудандарының тұрғындарын көгілдір отынмен қамтамасыз ету жоспарлануда.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Завод KazMedProm — яркий пример развития региональной экономики

AdiletTV

БИЫЛ ҰЛТТЫҚ ҚОРДАН ӘР БАЛАҒА 100-130 ДОЛЛАРДАН БЕРІЛЕДІ

AdiletTV

ПОЛИЦЕЙЛЕР ЗАҢСЫЗ САТЫЛҒАН АЛКОГОЛЬДІК ӨНІМДЕРДІ ӘШКЕРЕЛЕДІ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз