5.3 C
Shymkent
26 февраля, 2026
adilettv

Шымкенттік нейрохирургтар ми тамырының аневризмасынан әйелдің өмірін сақтап қалды

Шымкентте нейрохирургия саласының дамуы қарқын алған. Қалалық №2 аурухананың дәрігерлері былтыр 200-ден астам науқасқа күрделі ота жасап, дерттен аман алып қалды. Жоғары технологиялы және қымбат бағалы медициналық көмек МӘМС жүйесі есебінен қаржыландырылуда.

Білікті нейрохирургтар құрамы таяу күндері ми тамырының қапшықты аневризмасы анықталып, өміріне қауіп төнген 48 жастағы әйелді құтқарды. Ота 3 сағатқа жалғасқан. Бас миына қан кету қауіпі профилактикалық тексеру кезінде белгілі болған. Әбүйір болғанда ауру дер кезінде анықталып, медициналық көмек көрсетіледі. Қазіргі таңда пациенттің жағдайы жақсы және дәрігерлерге алғысын білдіруде.

-Биылғы жылдың өзінде бас ми ісіктері, бас-ми қан тамырлары және омыртқа патологиялары сынды ауруларға 40-қа жуық күрделі ота түрлерін жасадық. Бұл операциялардың бағалары қымбат тұрады. Бірақ, науқастарға барлық медициналық көмек тегін көрсетіледі, -дейді Шымкент қалалық №2 аурухананың бас дәрігері Бахытжан Позилов.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі есебінен күн сайын жоғары технологиялық оталар жасалады. Күрделі операциялардың құны бірнеше миллион теңгені құрайды. Шымкент қаласы бойынша былтыр 1500-ға жуық жоғары технологиялық медициналық қызмет көрсетілген. Айтарлықтай қаржыландыру кардиохирургиялық және нейрохирургиялық операцияларға бағытталады.
#әмсқшымкент#мәмсшымкент
ӘМСҚ Шымкент қаласы филиалының баспасөз-қызметі

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚАРАҒАНДЫДА ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АТЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕГЕН ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫ ӘШКЕРЕЛЕНДІ

AdiletTV

ПРЕЗИДЕНТ ҚЫСҚЫ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫ МЕН ПАРАЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСАТЫН ҰЛТТЫҚ ҚҰРАМА МҮШЕЛЕРІНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ТУДЫ ТАПСЫРДЫ

AdiletTV

Шымкенттің 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз