adilettv

СУБҰРҚАҚТАР ШЫМКЕНТТІҢ СӘНІ МЕН СӘУЛЕТІН АЙҚЫНДАЙ ТҮСУДЕ

Шымкент қаласының аумағында бүгінде 65 нысанда орналасқан 86 субұрқақ қала келбетінің ажырамас бөлігіне айналып отыр. Олардың 41-і Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының теңгерімінде болып, жыл бойы бекітілген кестеге сәйкес тұрақты әрі үздіксіз жұмыс атқарды.
Қаланың инфрақұрылымын дамыту және тұрғындар үшін жайлы орта қалыптастыру мақсатында демеушілер есебінен қосымша 18 жаңа субұрқақ салынып, пайдалануға берілді. Бұл бастама қаланың эстетикалық келбетін жақсартуға және қоғамдық кеңістіктердің тартымдылығын арттыруға оң ықпал етті.
2025 жылы субұрқақтарды күтіп-ұстау жұмыстары жауапты мердігер мекеме «Alem Energo Stroy» ЖШС тарапынан жүргізілді. Мердігер ұйым өз қаражаты есебінен 5 субұрқаққа қайта құру жұмыстарын жүргізіп, 93 сорғыны жаңартты.
Маусым бойы қала аумағындағы субұрқақтар айына кемінде үш рет жуылып-тазартылып, суы жаңартылып отырды. Сонымен қатар сынған бөлшектер мен гранит тақтайшалар ауыстырылып, істен шыққан сорғылар мен жарықшамдар қалпына келтірілді.
Қазіргі таңда басқарма теңгеріміндегі 41 субұрқақтың 29-ы жиналып, қысқы сақтауға қойылды, 5 субұрқақ ұңғыма арқылы жұмыс істейді, 7 субұрқақта жинау жұмыстары жүргізілді.
Барлық субұрқақтар белгіленген тәртіпке сай қысқы сақтауға қойылып, 2026 жылдың көктемінде қайта іске қосылады. Бұл жұмыстар қала инфрақұрылымын ұқыпты күтіп-ұстау мен Шымкенттің көрікті келбетін сақтауға бағытталған жүйелі еңбектің айқын көрінісі.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

МЕКТЕП ОҚУШЫСЫН ЗОРЛАҒАН 64 ЖАСТАҒЫ ЗЕЙНЕТКЕР 21 ЖЫЛҒА СОТТАЛДЫ

AdiletTV

КӨКСАЙ: ТОЗЫҒЫ ЖЕТКЕН ҮЙЛЕРДІҢ ТҰРҒЫНДАРЫ ЗАМАНАУИ ПӘТЕРЛЕРГЕ ҚОНЫС АУДАРДЫ

AdiletTV

Шымкент қаласы: жол көлік колледжінде Зорлық-зомбылықсыз Қазақстан жобасы бойынша кездесу өтті.

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз