Түркістан облысы әкімдігі шетелдік инвесторлармен бірлесе отырып, аймақтағы экономиканы әртараптандыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және облыстың туристік тартымдылығын арттыруға күш салуда. Осы мақсатта Түркістан облысы әкімінің орынбасары Қанат Қайыпбек Қытайдан келген инвесторлармен кездесу өткізді. Кездесуде тараптар әріптестікті тереңдету, жаңа туристік жобаларды іске асыру жайын жан-жақты талқылады.


