29.8 C
Shymkent
10 июня, 2026
adilettv

ҚАЗАҚСТАНДА МҰҒАЛІМДЕРГЕ САБАҚ БАРЫСЫНДА CHATGPT ҚОЛДАНУҒА РҰҚСАТ ЕТІЛДІ

Қазақстанда ЖИ технологияларын мектеп тәжірибесіне енгізудің әдістемелік негіздері бекітілді.
Құжатта ЖИ сабаққа дайындалу, оқу материалдарын бейімдеу және талдамалық жұмыстар жүргізу үшін көмекші құрал ретінде қарастырылатыны айтылған. Оқушылардың жеке деректерін бөгде сервистерге енгізуге болмайды, сабақта қолданылатын платформалар заңнамалық талапқа сай болуы керек.

Оқушылар ЖИ арқылы дайындалған жұмыстарын өз еңбегі ретінде ұсына алмайды, мұғалімдер қажет болған жағдайда тапсырманы қайта бере алады.

«Әдістемелік ұсынымда педагогтерге Canva, ChatGPT, Gemini Storybook, Notebook LM, Reading Coach, Google Lens және өзге де сервистерді сабақта қолданудың дайын алгоритмдері мен сценарийлері берілген. Бұл мұғалімнің әкімшілік жүктемесін азайтып, оқу материалдарын оқушының жеке ерекшеліктеріне бейімдеуге мүмкіндік береді», – делінген ақпаратта.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

РОБОТ-ХИРУРГТІҢ КӨМЕГІМЕН МИҒА ОТА ЖАСАЛАДЫ

AdiletTV

Жамбыл облысының шығысында үсік жүреді

AdiletTV

АЛМАТЫДА ЕР АДАМДАР ҚЫЗДЫҢ ЕСІНЕН ТАНЫП ҚАЛҒАНЫН ПАЙДАЛАНЫП, ТЕЛЕФОНЫН ҰРЛАП КЕТКЕН

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз