adilettv

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ВОЛОНТЕРЛЕР ФОРУМЫНДА СӨЗ СӨЙЛЕДІ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев волонтерлердің беделді басқосуы – Волонтерлер форумында сөйлеп, жастардың қоғамдағы рөлі мен еріктілік қызметінің маңыздылығына тоқталды.
«Баршаңызға Волонтерлер форумының ашылуы құтты болсын! Бұл – шын мәнінде ерекше басқосу. Бәріңіз де бүгінгі форумға еліміздің әр аймағынан келіп жатсыздар», – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев жастарды қоғам игілігі үшін еңбек ететін отаншыл, жасампаз және қамқор тұлғалар деп бағалады. Президенттің атап өтуінше, биыл бүкіл әлем Халықаралық еріктілер жылын атап өтуде. Бұл бастаманы Мемлекет басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымының 75-ші сессиясында көтеріп, Қазақстанның ұсынысы жаһандық қолдауға ие болды.
«Ерікті болу – игі істер жасау, жақсылық істеп, басқаға үлгі көрсету, Отаныңа адал қызмет ету, туған жеріңе жанашыр болу деген сөз. Ниеті түзу, жаны таза адамдар осы жолды таңдайды, еріктілер қатарына қосылып, қажырлы еңбек етеді», – деді Президент.
Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев еріктілерді қоғамның айнасы деп атап, олардың озық ойлы және жауапкершілігі мол жандар екенін атап өтті. Мемлекет басшысы волонтерлік қызметтің жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге, қоғамның дамуына үлес қосуға мүмкіндік беретінін ерекше айтты.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қазақстандықтарға 555 млрд теңгеге астам сомада мүгедектігі және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер төленді

AdiletTV

Шымкент қаласы: «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

AdiletTV

Шымкент қаласы: Еңбекші ауданы ПБ АПБ ЖПҚ №34 тірек пунктінде 10 айлық есеп бойынша 273 хаттама толтырылып, тиісті айыппұлдар өндірілген.

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз