Жаңалықтар Қоғам Түркістан

Түркістан облысында екі көпір су шайып кетті

Қарнақ ауылындағы көпір ішінара су астында қалды, деп хабарлайды Aspan.info Әлеуметтік желілерде Түркістан облысының Кентау қаласы мен Қарнақ ауылының арасындағы көпір сумен шайылып, онда жұқа асфальт қалғаны туралы ақпарат пайда болды. Түркістан облысының әкімдігінде хабарлағандай, нөсер жаңбырдан кейін өзендегі су деңгейі көтерілді. Нәтижесінде Қарнақ ауылындағы көпір (ұзындығы 30 метр, ені 10 метр) ішінара су астында қалды.
«Қазіргі уақытта елді мекенге қауіп жоқ. Көпірді қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жергілікті әкімдік, төтенше жағдайлар департаменті тиісті жұмыстарды ұйымдастырады «, — деп хабарлады әкімдік.
Сонымен қатар, Созақ ауданы Қаратау ауылдық округінің Бақырлы ауылына кіре берістегі көпір жуылды. Әкімдік көпірді қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізуде. Оқиға орнында уәкілетті органдардың, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, әкімдік өкілдері жұмыс істейді.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЖЕТІСАЙЛЫҚ КӘСІПКЕР ӨЗ ҚАРЖЫСЫНА 50 ПӘТЕРЛІ 2 ТҰРҒЫН ҮЙ САЛЫП ЖАТЫР

AdiletTV

Сарапшылар Қазақстанда жылжымайтын мүлік бағасының өзгеруін болжауда

admin

Риддерде құтқарушылар шұңқырға құлаған итті алып шықты

admin

Пікір қалдырыңыз