adilettv

ТҮРКІСТАН: ОТЫРАР АУДАНЫНДА 5 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН БОРДАҚЫЛАУ АЛАҢЫ САЛЫНУДА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы бағытындағы жұмысты жандандыруды тапсырған болатын. Осыған орай Отырар ауданына қарасты Ақтөбе ауылында 5 мың басқа арналған бордақылау кешенінің құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Аталған жоба кәсіпкер Мұрат Нұрғали тарапынан жүзеге асырылуда. Жоба толық іске қосылған жағдайда 25 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, ауыл тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындары ашылмақ. Сонымен қатар бордақылау алаңын заманауи американдық технологиямен жабдықтау жоспарланған.
Бүгін аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы бордақылау алаңының құрылыс жұмыстарымен танысты. Аудан басшысы жобаның ауыл шаруашылығы саласын дамытуға, ет өндірісін ұлғайтуға және өңір экономикасының нығаюына оң әсер ететінін атап өтіп, кәсіпкерлік бастамаларға аудан тарапынан әрдайым қолдау көрсетілетінін жеткізді.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ: БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА 2 МЫҢНАН АСТАМ МАМАН ҚАЖЕТ

AdiletTV

Шымкентте халықаралық кардиохирургтар конгресі өтті

AdiletTV

ШЫМКЕНТТЕ СТАЛКИНГ ЖАСАҒАН ЕКІ КҮДІКТІ ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз