-13.7 C
Shymkent
11 марта, 2026
adilettv

ТҮРКІСТАН: ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Байхрейннің Манама қаласында үшінші жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары өткен болатын. Дүбірлі додада Қазақстанның сапында өнер көрсеткен түркістандық жас балуандар мен боксшылар тамаша нәтижеге қол жеткізді. Атап айтсақ, еркін күрестен Қазақстан құрамасы сапында 71 келі салмақта Нұртай Наров пен 45 келі салмақ дәрежесінде Ағабек Бақдаулет қола жүлде жеңіп алса, 60 келі салмақта Бегасыл Асанбек алтын медальға ие болды. Бокс бойынша 50 келі салмақта ел намысын қорғаған Нұрмахан Жұмағали барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, Азия чемпионы атанса, ал 46 келі салмақта бақ сынаған Арман Мырсабит күміс жүлдеге қол жеткізді.

Осы орайда, бүгін облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Азия ойындарының жеңімпаздарын қабылдап, облыс мерейін асқақтатқан спортшыларға құрмет көрсетті.
📌– Бұл – төрт жылда бір өтетін және Азия құрлығындағы ең беделді әрі бәсекесі жоғары халықаралық дода. Осындай дүбірлі додада еліміздің көк туын желбіретіп, өңіріміздің намысын қорғап, намысты әрі тартысты сайыстарда жүлделі оралған спортшыларымызға мың алғыс. Алдағы халықаралық жарыстарда да биік нәтиже көрсетіп, ел мерейін асқақтатуларыңызға тілектеспін. Олимпиада ойындарының жеңіс тұғырынан көріну – баршамыздың ортақ мақсатымыз, – деді Ертай Кенжебекұлы.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЕНДІ EGOV ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ҮЙІ МЕН ЖЕРІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫ САЛЫҚ ОРГАНЫНА БЕРІП ОТЫРАДЫ

AdiletTV

БІРЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ЖОЛЫНДАҒЫ 30 ЖЫЛ

AdiletTV

КЕЛЕС АУДАНЫНДА ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫС БҰЗЫЛДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз