adilettv

ТАРАЗДА ІШІМДІККЕ СЫЛҚИЯ ТОЙЫП АЛҒАН ЖОЛАУШЫ АВТОБУСТЫҢ ЖҮРГІЗУШІСІНЕ ПЫШАҚ АЛА ЖҮГІРІП, ОНЫ ЖАРАЛАДЫ.

Куәгерлердің айтуынша, мас жолаушы автобустың жұмыс уақыты аяқталғанына қарамастан, жүргізушіден автобусты тоқтатпай, жүргізуін талап еткен.

Олардың арасында жанжал туындап, кейін төбелеске ұласқан. Төбелес барысында 40 жастағы ер адам 59 жастағы автобус жүргізушісін пышақпен жарақаттады.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел жеткен.

«Күдікті бірден ұсталып, уақытша ұстау изоляторына жқамалды. Жүргізуші ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», – деп хабарлады Жамбыл облыстық полиция департаменті.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ «ҚЫС-2025» ҚАЛАЛЫҚ КОМАНДАЛЫҚ-ШТАБТЫҚ ОҚУ-ЖАТТЫҒУЛАРЫ ӨТТІ

AdiletTV

АЛТЫН МЕН КҮМІС БАҒАСЫ РЕКОРДТЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ӨСТІ

AdiletTV

Шымкент қаласының су қорғау және санитарлық аймақтарының шекаралары мемлекеттік кадастр жүйесінде белгіленбеген

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз