adilettv

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНДА ЕР АДАМНАН 200 КЕЛІДЕН АСТАМ ЕСІРТКІ ТӘРКІЛЕНДІ

ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің қызметкерлері Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және облыс прокуратурасымен бірлесіп, ірі көлемдегі есірткі заттарын тасымалдау арнасын тоқтатты

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қостанай – Әулиекөл – Сұрған автожолында 200 келіден астам тыйым салынған затты тасымалдаған ер адам ұсталды. Көлікті тексеру кезінде жүк көлігінің кузовынан, темір бөшкенің ішінен полиэтиленге оралған қап табылды. Оның ішінде өсімдік тектес зат болған.

Автокөлікті мұқият тексеру барысында полицейлер арнайы жабдықталған жасырын орынды анықтады. Жасырын бөлікте скотчпен оралған, өзіне тән иісі бар өсімдік тектес зат салынған 20 қап болған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Барлық мән-жай мен есірткі заттарын жеткізу арналары анықталуда.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

В ШЫМКЕНТЕ ПРОШЛА РЕСПУБЛИКАНСКАЯ АКЦИЯ «НАРОДНЫЙ ЮРИСТ»

AdiletTV

Шымкенттегі еңбек нарығы: жұмыспен қамту және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жолдары

AdiletTV

ОРТАҚ ПАЙДАЛАНУ ОРЫНДАРЫН ЛАСТАУДЫҢ 22 МЫҢНАН АСТАМ ДЕРЕГІН ПОЛИЦИЯ АНЫҚТАДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз