adilettv

ЫСТАНБҰЛДА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КУРЬЕРДІ АТЫП КЕТТІ

Түркиялық БАҚ мәліметінше Ыстамбұлда Қазақстан азаматы Ариф Исмаилов қаза тапқан. Ол жеке логистикалық компанияда курьер болып жұмыс істеген. Ер адам қарулы шабуыл салдарынан атылып өлтірілген.

Қылмыс туралы 1 сәуір күні белгілі болды. Оқиға Фатих ауданындағы Балабанага кварталында, Зейнеп Камиль көшесінде тіркелген.

Белгісіз адам ер адамға жақындап келіп, оның басынан оқ атып, артынша оқиға орнынан қашып кеткен. Алған жарақатынан Исмаилов сол жерде көз жұмды. Қылмыс сәті көршілес ғимараттардың біріндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Кейінірек «Голос Стамбула» басылымы Фатих ауданында курьер Ариф Исмаиловты өлтіруге қатысы бар деген күдікпен екі адамның шекарадан қашпақ болған кезінде ұсталғанын хабарлады.

Арнайы операция Эдирне қаласында жүргізілді. Қаскөйлер шекара маңынан дронның көмегімен анықталған. Ыстанбұл полициясының мәліметінше, күдіктілер ол жаққа автокөлікпен келген, алайда кіреберістегі тексеріс кезінде олардың көліктің ішінде жоқ екені белгілі болған.

Осыдан кейін жандармерия әуеден іздеу жұмыстарын бастап, көп ұзамай жаяу қашып бара жатқан күдіктілерді қолға түсірген. Ұсталғандар Грузия азаматтары болып шықты. Медициналық тексеруден кейін олар Ыстанбұл полициясына тапсырылған.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ПРЕЗИДЕНТ: БІЛІМ САЛАСЫНДА БІРҚАТАР ЖҮЙЕЛІК ПРОБЛЕМАЛАР БАР

AdiletTV

ЕРЛАН САИРОВ: «ҚАЗАҚСТАН ЖАСТАРЫ ТЕГІН ЖОҒАРЫ БІЛІМ АЛУҒА ҚҰҚЫЛЫ»

AdiletTV

Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Президенті Ваагн Хачатурянмен кездесті

Пікір қалдырыңыз