adilettv

ТЫНЫСБЕК ҚАЛМЕНОВ: ҒЫЛЫМ МЕН ҰСТАЗДЫҚ ЖОЛЫ

«Ғылымда міндетті түрде өз алған нәтижелеріңмен бөлісу керек, кері жағдайда шәкірттер өспейді. Ғылымға неғұрлым көп берсең, соғұрлым көп ұтасың». Бұл академик Тынысбек Шәріпұлы Қалменовтің ғылымдағы өмірлік ұстанымын айқын танытатын терең ой. Осы бір қарапайым ғана қағида оның бүкіл ғұмыр жолының, азаматтық болмысының, ұстаздық еңбегінің өзегіне айналған.

Возможно, это изображение один или несколько человек и текст "КАЛЬМЕНОВ Тынысбек Шэрипулы 80 жаста у о P"
Ғалымның өмір жолы нағыз еңбекқорлықтың үлгісі. Ол білім беру саласының барлық баспалдақтарынан өтті. Оқытушыдан бастап, аға оқытушы, доцент, профессор, кафедра меңгерушісі, факультет деканы, институт ректоры, ғылыми-зерттеу институтының директоры деңгейіне дейін көтерілді. Әрбір қызметте ол тек басшы емес, бағыт беруші, ғылымға жанашыр тұлға бола білді.
Тынысбек Шәріпұлының тағы бір зор еңбегі шәкірт тәрбиелеу ісіндегі табысы. Оның жетекшілігімен 30-дан астам ғылым кандидаты мен 10-нан астам ғылым докторы даярланды. Бұл – тек сандық көрсеткіш емес, бұл – ұлт ғылымының болашағына салынған берік іргетас. Әрбір шәкіртінің жетістігін өз жетістігіндей көретін ұстаз үшін бұдан асқан бақыт жоқ.
Возможно, это изображение один или несколько человек и текст "AUEZOV ERSITY 1943 ФИ3ИKA M KP"
Шымкент қаласында өткен Қазақстан математиктерінің Бірінші конгресі аясында ғалымның 80 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын – оның ғылымдағы еңбегіне көрсетілген зор құрметтің айғағы болды. М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде өткен бұл тағылымды басқосу отандық математиканың өткені мен бүгінін таразылап, болашағына бағдар дергендей болды.
Жиында сөз алған белгілі қоғам қайраткері, академик Бақытжан Жұмағұлов Тынысбек Қалменовтің тұлғасына ерекше тоқталып, жүрекжарды лебізін жеткізді.
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АИДА БАЛАЕВА ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ – МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРІ ЛАУАЗЫМЫНА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

AdiletTV

ОБЪЕМ ДОГОВОРОВ С ОТЕЧЕСТВЕННЫМИ ПРОИЗВОДИТЕЛЯМИ ВЫРОС НА 23%

AdiletTV

Шымкент қаласы: Қаратау АПБ жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылықтан 446 адам зәбір көріп, полициядан көмек сұраған.

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз