5.3 C
Shymkent
26 февраля, 2026
adilettv

ЖАҢА МИНИСТР АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалған Асқарбек Ертаев Үкіметте ант қабылдады.
Премьер-Министр Олжас Бектенов жаңа министрді Үкімет мүшелеріне таныстырды. Ол Асқарбек Ертаевты құттықтап, қызметінде табыс тіледі.
Асқарбек Ертаев туралы не белгілі?
Ол 1977 жылы Ақтөбе қаласында туған. Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, «Нұр» Ақтөбе мененджмент, бизнес және құқық институтын бітірген.
Еңбек жолын 1997 жылы Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімінің аппаратында маман болып бастаған.
2000-2014 жылдары банк секторында жұмыс істеді.
2014 жылы — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Сауда комитеті бас сарапшысының м.а.
2014-2021 жж. — ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бас сарапшысы, басқарма басшысы, департамент директорының орынбасары, департамент директоры.
2021-2022 жж. — ҚР Президенті Әкімшілігі Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау бөлімінде сектор меңгерушісі.
2022-2023 жж. — ҚР премьер-министрі кеңсесінің, ҚР Үкіметі Аппаратының экономикалық бөлімінің меңгерушісі.
2023-2024 жж. — ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитетінің төрағасы.
2024-2025 жж. — Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі.
2025-2026 жж. — Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі.
2026 жылғы 27 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЭКОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ

AdiletTV

КӨКШЕТАУДА ЕР АДАМ БҮЙРЕГІН 25 МЫҢ ДОЛЛАРҒА САТПАҚ БОЛҒАН

AdiletTV

Город Шымкент: Человек труда — старший оперуполномоченный Енбекшинского РОВД отдела криминальной полиции по хищениям чужого имущества капитан полиции Дусенов Жанболат.

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз