adilettv

ЗОРЛЫҚШЫДАН БАЛА ТУҒАН: ТУЫСЫНЫҢ 16 ЖАСТАҒЫ ҚЫЗЫН ЗОРЛАҒАН 71 ЖАСТАҒЫ ТҮРКІСТАНДЫҚ СОТТАЛДЫ

Түркістанда туыс қызын зорлаған ер адам 15 жыл 6 айға сотталды. Сот барысында ол кінәсін мойындамады.

Алайда 16 жасында зорлық көріп, жүкті болған жәбірленушінің баласы сотталушыдан туғаны медициналық сараптама нәтижесінде дәлелденіпті.

“Жәбірленуші мен сотталушы көрші тұрған. Қыздың анасы Астанаға, әкесі қарауыл болып мазаратқа кеткенде, үйіне ұрланып кірген. Қыз бала үйінде сіңлісімен ғана қалған екен. Сөйтіп, туысын қорлайды. Ол үш күн қатарынан азғындығын жалғастырады. Соңында жеткіншек жүкті болып қалған” дейді Түркістан облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының төрағасы Дәурен Мадалиев.

Қорланған қыз баланы Астанаға барып босанған.

Айта кетейік, оқиға 2024 жылы Түркістан облысы, Келес ауданы, Еңбекші ауылында болған. Қыз көрген қорлығынан соң, өзіне қол салмақ та болған.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Азық-түлік емес тауарлар бағасының өсуі: Шымкент қаласы бойынша көрсеткіштер мен талдау

AdiletTV

Миландық маман шымкенттік өнімге қызығушылық танытты

AdiletTV

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ЖҰМЫС ТОБЫМЕН БІРГЕ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМАҒА ҚАТЫСТЫ НЕГІЗГІ ТӘСІЛДЕРДІ ТАЛҚЫЛАДЫ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз