24.3 C
Shymkent
14 октября, 2025
Әлем жаңалықтары(Основная Рубрика) Жаңалықтар Қоғам

Еуропа қалалары Алексей Навальныймен қоштасты

Жұма күні Мәскеуде жерленген ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйдың рухына тағзым ету шарасы Еуропа қалаларында да өтті, — деп хабарлайды AdiletTV Euronews арнасына сілтеме жасап.

Парижде Трокадеро алаңындағы мемориалға гүлдер мен шамдар, Кремль сыншысының фотосуреттері мен Владимир Путинді айыптаған плакаттар әкелінді.

Басқа қалаларда Ресей елшіліктерінің жанынан уақытша ескерткіштер орнатылды. Белградта жүздеген адам «Батырлар ешқашан өлмейді» деген жазуы бар дуалға жиналды. Соғыс басталғаннан кейін он мыңдаған орыстар Сербияға қоныс аударды.

Римде белсенділер Ресей елшілігі орналасқан көшені «атын өзгертті». Олар көшедегі маңдайшаларға «Навальный көшесі» деген жазулар іліп қойды.

Римнің орталық көшелерінің біріне Навальныйдың есімін беру туралы бастаманы қала билігі қабылдамады, бірақ олар ресейлік саясаткердің есімін осылайша мәңгілікке қалдыру мүмкіндігін әлі де жоққа шығармайды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Ай сайын 1 бала: Маңғыстауда қатерлі ісікке шалдыққан балалар көбейіп бара жатыр

admin

НАУРЫЗ ҚАРСАҢЫНДА ТҮРКІСТАНҒА 20 МЫҢНАН АСТАМ ТУРИСТ КЕЛЕДІ

Қазақстанның мемлекеттік шекарасында 40-тан астам шетелдік ұсталды