Қоғам

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА 5 МЫҢНАН АСА КӨШЕТ ЕГІЛДІ

Наурызнаманың 10 күндік жоспарына сәйкес, 19-наурыз – Жаңару күні. Бұл күні өңірлерде көшет егу жоспарланған болатын. Осыған байланысты Мақтаарал ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен ауданға қарасты барлық елді мекендері мен үлкен жолдардың, каналдар мен арық-атыздардың бойларында және саябақ пен аллеяларда көшет егу жұмыстары жүргізілді. Бүгін мереке қарсаңында Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов Мырзакент кентінде орналасқан «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» саябағында болып, көшет екті.

Көгалдандыру шарасына мемлекеттік қызметшілер, мемлекеттік және жекеменшік мекемелердің қызметкерлері, қоғамдық ұйымдардың мүшелері және аудан тұрғындары мен әжелер алқасының мүшелері қатысты.

Жалпы іс-шара аясында Мақтаарал ауданында 5550 дана көшет егілді. Оның ішінде 4500 дана қараағаш, 200 дана сирия раушаны, 250 дана сабын ағашы және 600 дана легуструм көшеттері отырғызылды.

Түркістан обылысы әкімінің баспасөз қызметі

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Владимир Ли Қазақстанның даму банкі басқарма төрағасының орынбасары болды

Алматыдағы жер сілкінісінің салдары: үйлердегі жарықтар мен әйнек сынықтарын кім жөндеуі керек

Президент Тоқаев Ішкі істер министрлігі басшысына тапсырма берді

admin