3.3 C
Shymkent
24 ноября, 2024
Жаңалықтар Қоғам Түркістан

ТҮРКІСТАН: «ТҮРКІСТАН-ШӘУІЛДІР» АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Отырар ауданына жұмыс сапарымен барып, бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысанды аралады. Облыстық маңызы бар КХ-190 «Түркістан-Шәуілдір» автомобиль жолын қайта құру құрылысымен танысып, ондағы жүргізіліп жатқан жұмыстарды бақылады.

Құрылыс басында мердігер мекемелердің басшыларымен кездескен Дархан Сатыбалды бұл жолдың құрылысын уақтылы аяқтаудың, сапасына аса мән берудің маңыздылығын айтып, кемшіліктер бойынша тапсырмалар жүктеді.

Аталған жол құрылысына республикалық бюджеттен 39,6 млрд теңге қаралды. Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен жүгізіліп жатқан құрылыс жұмыстарын «АлемТрансЖол» ЖШС және «Отау-строй» ЖШС атқаруда. «Түркістан-Шәуілдір» жолын қайта құру жобасы 4 кезеңмен жүзеге асады. Жолдың ұзынды 51 шақырымды құрайды. 2022 жылдың қыркүйек айында басталған құрылыс жұмыстарын 2025 жылдың шілде айында аяқтау жоспарлануда.

AdieltTV Түркістан облысы әкімінің баспасөз сілтемесімен хабарлайды

Бөлісу

Related posts

Алматыда тұрғын үй кешенінің 12-қабатынан әйел құлап кетті

admin

ҰЛТТЫҚ СПОРТ РУХЫМЫЗДЫ АСҚАҚТАТТЫ

Жамбыл облысының шығысында үсік жүреді

AdiletTV