2.3 C
Shymkent
13 января, 2026
Қоғам

Тоқаев Индонезияның жаңа президентін құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезияның сайланған президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, AdiletTV тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасай отырып.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Прабово Субианто Джойохадикусумоны Индонезия Республикасының Президенті сайлауындағы жеңісімен құттықтады.

«Мен сіздің дана басшылығыңызбен сіздің тамаша еліңіз өзінің экономикалық және әлеуметтік дамуында жаңа табыстарға қол жеткізетініне, сондай-ақ халықаралық аренадағы рөлін нығайтатынына сенімдімін. Қазақстан мен Индонезияны өзара сенім мен ортақ мүдделерге негізделген жылы қарым-қатынастар байланыстырады. Мен біздің елдеріміздің мүддесі үшін көпқырлы өзара іс-қимылды дамыту үшін ашылып отырған мүмкіндіктерді бірлесіп пайдалануға дайын екендігімді растаймын «, — делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы индонезиялық көшбасшыға барлық бастамаларында табыс, ал Индонезия халқына одан әрі ілгерілеу мен бақ-береке тіледі.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қазақстандағы жер сілкінісі: құтқарушыларға жүздеген қоңыраулар түсті

admin

Ақпан айында инфляция Қазақстандағы тарихи көрсеткіштерден асып түсті

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАС БОКСШЫЛАРЫ БІР АПТАДА 6 АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

admin