20.3 C
Shymkent
18 августа, 2026
Қоғам

ҚАЛА ӘКІМІ ЕМХАНАЛАРҒА ТІРКЕЛУДІ ТАЛАПТАРҒА САЙ РЕТТЕУДІ ТАПСЫРДЫ

Бүгін Шымкент қаласы әкімінің аппараттық мәжілісінде халық денсаулығын жақсартуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Ә.Төлебаев жергілікті тұрғындарды медициналық ұйымдарға тіркеу, инфекциялық ауруларды алдын алу мен індетке қарсы іс-шараларды жүргізу жұмыстарын баяндады. Қала әкімі тиісті басқарма басшысына емханаларға тіркелуді талаптарға сай реттеп, заңсыздықтарға жол бермеу қажеттігін ескертті.

? Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Б. Өнербаев волонтерлік жобаларды жүзеге асыру барысына тоқталды. Ғабит Әбдімәжитұлы жауаптыларға еріктілердің жұмысына қолайлы жағдай жасап, оларды қолдау бойынша нақты тапсырмалар берді.

? Аппарат отырысында қала тазалығын сақтауда атқарылып жатқан жұмыстар да пысықталды. Бұл ретте сала басшыларына аудандардағы тазалық шараларын жоспарға сай ұйымдастыру ескертілді.

AdiletTV Шымкент облысы әкімінің баспасөз сілтемесімен хабарлайды

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Алматыда тұрғын үй кешенінің 12-қабатынан әйел құлап кетті

admin

Жезқазғанның жолдарын жөндеу: әкім асфальт орнына плиталардың пайда болуын түсіндірді

admin

Қазақстанда қанша әйел тұрады?