7.3 C
Shymkent
14 октября, 2025
Жаңалықтар Қоғам

ТЖД қызметкерлері алматылықтардың пәтерлерін аралап жүр

ТЖ департаментінің қызметкерлері пәтер иелерімен сақтық шаралары туралы әңгімелесуді жалғастыруда. Құтқарушылар демалыс күндері де үйлерін аралайды, деп хабарлайды тілші Aspan.info

Тәжірибе көрсеткендей, жердің ауытқуы кезінде халық үрей тудырады, көп қабатты үйлердің тұрғындары қалай әрекет ететінін білмейді.

Таңертеңгі нұсқаудан кейін құтқарушылар Алматының сегіз ауданындағы көп қабатты үйлерді қамту үшін үгіт-насихат топтарына бөлінеді.

Сонымен қатар, алматылықтарға жер сілкінісі кезінде не істеу керектігі туралы жадынама берілді.

Естеріңізге сала кетейік, 5 баллдық соңғы қатты жер сілкінісі Алматыда 4 наурыз күні таңертең болған болатын. Мектептер, колледждер мен жоғары оқу орындарындағы сабақтар тоқтатылды. Негізгі сілкіністерден кейін қала тұрғындары тағы да бірнеше афтершок сезінді.

Жер сілкінісін алдын ала болжау мүмкін емес — ТЖМ басшысы

Түстен кейін ғана ТЖД алматылықтар үйлеріне орала алатынын хабарлады. Бұған дейін адамдарды жалпы жиналыс орындарында қалуға шақырды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Астанада қазақ тіліндегі ауқымды пікірсайыс турнирі аяқталды

admin

«Тексерумен келемін»: Шымкентте жалған өрт сөндіруші хостел меңгерушісін алдап, ақшасын жымқырған

admin

Тоқаев Индонезияның жаңа президентін құттықтады

admin

Пікір қалдырыңыз