Жаңалықтар Оқыс оқиға

ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦЕЙЛЕР СУҒА БАТЫП БАРА ЖАТҚАН ТҰРҒЫНДЫ ҚҰТҚАРДЫ

Патрульдік полиция батальонының инспекторлары Дәулет Сағынбаев пен Нұрғали Сапархан жас жігітті ажалдан арашалап қалды. Республикалық маңызы бар  «Сарыағаш-Жетісай-Жібек Жолы» тас жолының 155-130 шақырымында кезекшілікке түскен полицейлер, күндізгі уақытта жол бойында адамдардың көмек сұрап тұрғанын байқайды.

Тәртіп сақшылары мән-жайды анықтағанында, Сырдария өзенінде ағып бара жатқан адамды көреді.Еш ойланбастан көмектесуге кіріскен полицей Д.Сағынбаев суға секіріп түсіп, батып бара жатқан азаматқа жақындайды. Содан әріптесі Н.Сапархан екеуі ер адамды сүйреп, жағаға алып шығады. Белгілі болғандай, Мақтаарал ауданының тұрғыны мал бағып жүріп, құлынның өзенге түсіп кеткенін байқайды. Малын құтқарамын деп суға түсіп, соңында өзі шыға алмай қалған. Қазіргі таңда полицейлердің жылдам әрекеті арқасында аман қалған тұрғынның жағдайы қалыпты.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Гүлмира Жұмаділаева Jusan Bank компаниясын басқарады

admin

20 ТОННА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ

Астанада 4 тонна немесе 140 мың пакет насвай жағылды

admin

Пікір қалдырыңыз