33.4 C
Shymkent
11 июля, 2026
Ақпарат

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде экологияға қатысты проблемалар көтеріліп, оларды шешу жолдары талқыланды. Облыс басшысы жауаптыларға қатаң ескерту жасап, нақты тапсырмалар берді

Жиын барысында Түркістан облысы бойынша Экология департаменті басшысының міндетін атқарушы Нұржас Нұрболат баяндама жасады. Түркістан облысы уран өндіруден көш бастап тұр. Алайда департамент тарапынан жүргізілген тексеру жұмыстары кезінде, уран өндірушілердің кен орындарында күкірт қышқылдарының заңсыз төгілу деректері орын алған. Ол бойынша айыппұл салынып, бүлінген жерлерге тазалау, қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу туралы ұйғарымы берілген. Қазіргі таңда, ластанған жердің аумағы толықтай тазаланды.

 Қазіргі таңда «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде экологиялық проблемалар мен оларды жұртшылықпен, әсіресе, өңірдегі экобелсенділермен шешу мақсатында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің бекітуімен 2024-2026 жалдарға арналған экологиялық мәселелерді кешенді шешудің жол картасы қайта жандандырылуда. Оның ішінде Арыс қаласы, Бәйдібек, Жетісай, Мақтаарал, Ордабасы аудандарындағы елді мекендерді газға қосу, коммуналдық қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеп, бекіту, мемлекеттік орман қоры жерлерінде 2 млрд ағаш көшетін егу, сынды жоспарлар бар.

 

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкентте базарлардың бірінде өрт шықты

AdiletTV

Түркістан облысында үш күн бойы іздестірілген үш жасар қыздың денесі табылды

AdiletTV

Шымкент қаласының Түркістан көшесіндегі тұрғын үйдің бірінде түн ортасында Өрт шықты

Пікір қалдырыңыз