19.3 C
Shymkent
19 сентября, 2024
Ақпарат Мәдениет

АСТАНА ЖАСТАР ТЕАТРЫ ШЫМҚАЛАМЫЗДА

 Астана қаласы әкімдігінің  Астана жастар театры шырайлы қаламызда 19-24 сәуір аралығында қойылым қойып,алдағы жоспарлары мен бөлісе кетті. Жастар театырының қойылымға дайындықтарымен қаламыздан алған әсері қандай?

Көктемде гастролдік сапарды дәстүрге айналдырған Жастар театры Шымқаламызға келіп, қойылымдарын  сыйға тартты. Бұл гастрольдік сапар 6 күнге созылды. 19 сәуір «Таптым,ғашық болдым,жоғалттым» атты спектальімен бастау алса, 24 сәуір  Пранк махаббат атты  спектаклімен жабылу салтанаты өтті.

Сарыарқаның төсінде орналасқан Елордамыздың Астана қаласы әкімдігі  Жастар театрының шымылдығы 2007 жылы шілде де ШЫҢҒЫС АЙТМАТОВ пен ӘБІШ КЕКІЛБАЕВТЫҢ «Шыңғыс хан» спектакль мен ашылған.Жастар театры сан қырлылығымен қазақ театр өнерінде, өзінің орнын ала алған өнер ордаларының бірі. Өнердің үлкен даңғылына шыққан жас театр негізін қалаушы бір топ қыз жігіттер  Дәурен Серғазин,Әділ Ахметов, Азамат Есқұлов,Бақыт Қаджыбаев,Мадина Май,Жандаулет  Батай мен Айнур Рахипова қазір театардың аға буын өкілдері болып саналады.

Айта кетейік Мамыр айының басында Түркия елінің Трабзон қаласына, Қара теңіз елдері театр фестивальіне «Таптым Ғашық болдым Жоғалттым» атты мюзиклімен сахналық қойлым қоятын  болады.

 

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«ЖІБЕК ЖОЛЫ» КЕДЕН БЕКЕТІНІҢ МАҢЫН РЕТТЕУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ

AdiletTV

Ағзасын беріп, 4 адамға өмір сыйлады: Денсаулық министрі донордың әкесін марапаттады

AdiletTV

Елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райы күтіледі

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз