22.3 C
Shymkent
19 сентября, 2024
Ақпарат

9-МАМЫР МЕРЕКЕСІ: МАЙДАНДАҒЫ ЖЕҢІС – ТЫЛДАҒЫ ЕҢБЕККЕРДІҢ ЖЕҢІСІ

Ұлы жеңіске биыл 79 жыл. Айтулы мерекеге орай майдандағы жеңіске үлес қосқан тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді. 9 мамыр — Ұлы Жеңіс күні. Мереке қарсаңында тыл ардагерлері де елеусіз қалмады. Оларға әр саладағы ұжымдар құрмет көрсетіп, сыйлықтар табыстады. Мәселен, мұндай игі істі Республикалық әділ билер және Әділ аналар қоғамдық бірлестіктері жасады.

Жеңіс күні – Қазақстан халқы үшін айтулы мереке. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде миллиондаған қазақстандық неміс фашизміне қарсы күресте жан алысып, жан беріскеніне тарих куә. Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің сол жылдардағы ерен еңбегі – бүгінгі жастардың мәңгілік есінде. Биыл Ұлы жеңіске 79 жыл. Айтулы мерекеге орай республикалық Әділ билер мен Әділ аналар қоғамдық бірлестіктері қаламыздағы соғыс жылдарында еңбек еткен тыл ардагерлеріне құрмет көрсету мақсатында мерекемен құттықтап қайтты.

Сұрапыл соғыс жылдарында еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін барлығы майдан үшін, Жеңіс үшін деп еңбек етті. Сол жылдары елге адал қызмет етудің үлгісін көрсеткен ата-әжелеріміздің ерлігі қашанда ел есінде. Айта кетейік, майдандағы Жеңіс – тылдағы еңбеккерлердің де жеңісі болған. Соғыс жылдары ерлермен қатар еңбек етіп майдандағы азаматтарының жеңісіне әйелдер де лайықты үлес қоса білген. Солардың бірі Злиха Абдикаримова. Мереке қарсаңында, қоғамдық бірлестік мүшелері ұлы жеңіске үлес қосқан азаматтарды құттықтап, ізгі тілектері мен алғыс хаттарын жеткізді.

Ұлы Отан соғысы – Қазақстан үшін өзіндік мән-мағынасы бар, тарихи оқиға. Сұрапыл соғыста мыңдаған қазақстандық азаматтарынан айрылды, соғыс жылдарында туған балалар әкелерін көрмей, жетімдіктің ашы дәмін татты. Сол себепті бұл күн – Қазақстан халқы үшін маңызы зор әрі алтыннан да бағалы күн ретінде қабылданады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

«Standard city 2» стандартқа сай емес пе?!

AdiletTV

Елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райы күтіледі

AdiletTV

ЖАСТАР САЯСАТЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША АЛҚА ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз