15.3 C
Shymkent
12 октября, 2026
adilettv Ақпарат Әлем жаңалықтары Әлем жаңалықтары(Основная Рубрика) Жаңалықтар Қоғам Саясат Түркістан

ТАЗА КҮЗ: ШАРДАРА АУДАНЫНДА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың тапсырмасына сәйкес, «Әділет» партиясымен бірлесіп, аудан көлемінде ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.

Тазалық шарасына Шардара қаласы мен 10 ауылдық округтен 1200-ге жуық адам қатысып, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың қызметкерлері, спортшылар және еріктілер белсенділік танытты.
Сенбілік барысында жол бойындағы қураған шөптер тазартылып, Сырдария жағалауы тұрмыстық қалдықтардан аршылды. Сонымен қатар, тарихи-мәдени мұрамыз саналатын Ұзын ата кесенесінің аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді.
Тазалық – ортақ міндет, туған жерге деген жанашырлықтың көрінісі. Осындай игі бастамалар арқылы аудан тұрғындары қоршаған ортаны қорғауға, туған жердің көркеюіне және санитарлық тазалықты сақтауға өз үлестерін қосуда.
Таза аудан – баршамызға ортақ жауапкершілік!
Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Оралда автобус мінген мысық іздестірілуде

АЭС: сенімді энергия көзі

Admin

МҰНАЙ ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫ КЕЛЕШЕКТЕ ІШКІ НАРЫҚТЫ ҚАМТЫМАҚ

Admin

Пікір қалдырыңыз