19.3 C
Shymkent
10 октября, 2026
Ақпарат Спорт Шымкент

ШЫРАЙЛЫ ҚАЛАМЫЗДА ДЭВИС КУБОГІ МЕН БИЛЛИ ДЖИН КИНГ КУБОГІНЕ АРНАЛҒАН АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

Дэвис кубогі мен Билли Джин Кинг кубогі ҚР- сының әнұранымен турнирдің ашылу салтанаты өтіп, спортшылар ережемен танысып,ант берісті.Шымқаламызда екінші жыл қатарынан 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Азия-тынық Мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирі өтеді.

13-25 мамыр аралығында өтетін халықаралық жарысқа Қазақстаннан басқа, додаға 16 мемлекет қатысады.Нақтырақ айтсақ, Аустралия,Жапония,Оңтүстік Корея,Қытай, Қырғызстан,Өзбекстан, Вьетнам,Таиланд және де тағы да басқа елдерден құрамалар бақ сынасатын болады.

Өткен жылы 16 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамалары өз тарихында алғаш рет командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алған.Әр іріктеу сайысына 16 команда қатысады.Әр топтан екі құрама плей-офф кезеңіне шығып,жолдамаларды сарапқа салады.Биыл Азия-тынық мұхит аймағы бойынша жартылай финалға шыққан командалар әлем чемпионатына жолдама алады.Жарысқа Қазақстан құрамасы сапында Қыздар арасында, Астана қаласынан Ариана Гогулина және Альбина Кәкенова қатысса ал Ақтөбе қаласынан ,Ева Корышева қатысады.Жарысқа айтарлықтай қызу дайындықпен келдік,намысты қолдан бермей,көк туымызды көкке желбіретіп жеңіс тұғырынан көрінетінімізге сенімдіміз дейді споршыларымыз.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ САЛТ-ДӘСТҮР КҮНІ: ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ ӘДЕТ-ҒҰРЫП ПЕН ЖӨН-ЖОРАЛҒЫСЫ НАСИХАТТАЛДЫ

ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ГФР ФЕДЕРАЛДЫҚ КАНЦЛЕРІ ОЛАФ ШОЛЬЦПЕН ТЕЛЕФОН АРҚЫЛЫ СӨЙЛЕСТІ

Admin

Жаңа Kaspi Red+ бөліп төлеу арқылы тиімді зат сатып алуды ұнататындарға арналған

Admin

Пікір қалдырыңыз