11.3 C
Shymkent
10 октября, 2026
Ақпарат Қылмыс Шымкент

2,5 МЛН ТЕҢГЕНІҢ ВЕЛОСИПЕДТЕРІН ҰРЛАҒАН КҮДІКТІ ҚҰРЫҚТАЛДЫ

Шымкентте 2,5 млн теңгенің велосипедтерін ұрлаған күдікті құрықталды. Бірнеше айдың ішінде ұсталған жігіт 21 тұрғынды екі дөңгелекті темір тұлпарсыз қалдырған. Келтірілген шығынның жалпы сомасы — 2,5 млн теңгеге жуық. Қаскөй көпқабатты үйлердің кіреберісіне кіріп, баспалдақ алаңында қалдырылған велосипедтерді ұрлаумен айналысқан.

Ал дөңгелекті құлыптау құрылғыларын қысқышпен кесіп жүрген. Күдіктіні тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларының көмегімен анықтады. Ол бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған қала тұрғыны болып шықты. Рецидивист қамауға алынды. Әл-Фараби АПБ тергеушілері барлық айғақты жинап, қылмыстық істі сотқа жолдады. Бұл заңсыз әрекеті үшін ер адам 2 жылдан 7 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазалануы мүмкін.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

КЕНТАУДА ҚАЛА КҮНІНЕ ОРАЙ ТЕННИСТЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

Admin

ЖАСТАР САЯСАТЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША АЛҚА ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Admin

Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбай елге оралды

Admin

Пікір қалдырыңыз