23.3 C
Shymkent
10 октября, 2026
Ақпарат Шымкент

170 САРБАЗ ӘСКЕРИ АНТ ҚАБЫЛДАДЫ

Шымкенттегі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасының саптық алаңында Көктем-2024 шақырылымы жас толымының әскери ант қабылдау рәсімі өтті. Жеке құрам мен қонақтардың алдында әр түрлі облыстар мен қалалардан шақырылған кеудесіне жауынгерлік қаруы бар 170 жас сарбаз сап түзеді. Бір ай ішінде олар бөлімде және оқу полигонында алғашқы әскери дайындық курсынан өткен.

Белгіленген уақытта әскери бөлімнің жеке құрамы саптық алаңда сапталды. Әскери оркестрдің сүйемелдеуімен әскери бөлімнің Жауынгерлік Туы шығарылды, Мемлекеттік Әнұран орындалып және Қазақстан Республикасының және Қарулы Күштер түрлерінің Тулары көтерілді.Бөлім командирі полковник Әмірқожа Айтқожиннің бұйырығынан кейін саптық алаңда әскери ант қабылдау рәсімі басталды.

Әскери ант қабылдау рәсімі жауынгерлердің қоян-қолтық ұрыстың элементтерін көрсетіп және салтанатты шерумен өтумен аяқталды. Осылайша олар әскери дайындықтың бірінші кезеңін аяқтады, енді олар мамандық бойынша дайындықтан өтіп, саптық сабақтар мен дене шынықтыру сабақтарын жалғастыруы керек.

Ант қабылдау рәсімінен соң, ата-аналарға бөлім аумағына экскурсия ұйымдастырылып, бөлім басшылығы ата-аналардың сұрақтарына жауап берді.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЖАЗҒЫ АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНДА ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СПОРТШЫЛАРЫ 1 АЛТЫН, 3 КҮМІС ЖӘНЕ 3 ҚОЛА МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Admin

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: «ЖІБЕК ЖОЛЫ» САЯБАҒЫНА КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

Admin

Forbes тізіміндегі 2 кәсіпкер су тасқынынан зардап шеккендерге қомақты қаражат аударды

Admin

Пікір қалдырыңыз