adilettv Өңір

ПОЛИЦЕЙЛЕР 20 ЖАСТАҒЫ ЖІГІТТІ БОПСАЛАП, АҚШАСЫН АЛҒАН КҮДІКТІНІ ҰСТАДЫ

Ақмола облысында полиция қызметкерлері бопсалау фактісін тоқтатты. Прокуратураны үйлестіру кезінде ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері, Бурабай курорттық кентінде ірі сомадағы ақшалай қаражатты бопсалау фактісінің жолын кесті- деп хабарлайды Polisia.kz.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел қызметкерлер жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Ол физикалық зорлық-зомбылық көрсетіп, 20 жастағы жігіттен 200 000 теңге бопсалады. Тергеу іс-шаралары барысында ұсталған адамның қылмыстық іс-әрекетінің заттай дәлелдемелері тәркіленді. Бопсалау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның барысында қылмыскер ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айта кету керек, 2023 жылы Бурабай ауданының аумағында полиция қызметкерлері басқа ведомстволармен бірлесіп бопсалаушылардың қылмыстық тобының қызметін тоқтатты. Қазіргі уақытта бұл адамдар сотталды.

Полицейлер ҚР қылмыстық кодексінің 194-бабына сәйкес, бопсалау 4 000 Айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға не 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланатынын еске салады. Егер қылмыс топ құрамында жасалса, онда кінәлілер үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бөлісу

Related posts

Шымкент қаласы: Жарқын өмір мен денсаулықты — абыройсыздық пен ақымақтыққа айырбастамаңыз! Денсаулық — зор байлық! атты түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр.

AdiletTV

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН НАУҚАНЫ ЖАСЫЛ АЙМАҚ АТТЫ АПТАЛЫҒЫМЕН ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

«Атом электр станциясының құрылысы» медиа кеңістігіндегі ең танымал тақырып

AdiletTV

Leave a Comment