8.3 C
Shymkent
23 октября, 2026
adilettv

Темірші әулие тұрғындарын алаңдатқан мәселе көп

Темірші әулие тұрғындарын алаңдатқан мәселе көп.Шешімін таппай шарқ ұрып, шырылдаған жандардың шерін тыңдасаң, жоғарыдағы шенділер қайда қарап отыр деп қайран қаласың. Екі көшенің жолын жөндеу үшін қарапайым халық қалтасынан қаражатын қиып берген.Алайда, «Жайлы мектеп» жобасы бойынша мектепке байланыс желілерін тартқан мердігерлер жолды бұзып, қайта қалпына келтірмеген.Қыркүйек айында қолданысқа беріледі деген білім орданың құрылысы қашан бітетіні белгісіз дейді тұрғындар.Арнамыздың тілшісі қордаланған мәселе жайлы халықтың шағымын тыңдап қайтқан еді.Сюжет көріңіз.
Тұрғындарды мазалаған мәселелердің жайы осы.Тас төселген көшенің талқаны шығып, топырақ жолға айналған.Аяқ алып жүру мүмкін емес.Жел тұрып, жаңбыр жауса, әбден әбігерге түскелі тұрмыз дейді жергілікті жұрт.
Мәселе мұнымен бітпейді. Аялдамаға барып, автобусқа міну мұң.Ал ауылда жарықтың жоқтығынан қылмыс саны көбейген.
Тұрғындар талай рет тиісті органдарға талабын жеткізген.Алайда, жауапты басшылардан жауап жоқ дейді олар.Жұртшылық Абай аудандық әкімдігінің жұмысына наразы.
Жұртшылық жиналған жиынға Абай ауданы әкімінің орынбасары келіп, мән-жаймен танысты.Тұрғындардың шағымын тыңдап, түйткілді мәселенің түйінін шешеміз деп уәде берді.
Халықтың талап-тілегі бір. Ал аудан әкімдігі алаңдатқан жайттарды шешеміз деп соңғы сөзін жеткізді. Уәдеге сеніп, істі атқамінерлердің қарамағына жолдадық. Аталған мәселе телеарнаның жіті бақылауында болады.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕГІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАР ПЛАНШЕТТІК УДЗ АППАРАТТАРЫМЕН ЖАБДЫҚТАЛДЫ

Admin

ШЫМКЕНТТЕ 22 КӨП ҚАБАТТЫ ҮЙДІҢ ЖЕДЕЛСАТЫСЫ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

Admin

«ДСК 17» – значимый индустриально инвестиционный проект в Шымкенте

Admin

Пікір қалдырыңыз