adilettv

ЖАМБЫЛДЫҚ ТҰРҒЫН ЖАБАЙЫ ҚАРАСОРАНЫ ЖИНАУ КЕЗІНДЕ ҰСТАЛДЫ

Жамбыл облысының Меркі ауданында жабайы қарасора жинау кезінде полицейлер 42 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Жедел-іздестіру операциясы “Қарасора-2024” алдын алу іс-шарасы барысында өткізілген. Жақын маңдағы аумақты тексеру кезінде күдікті орып дайындаған жабайы қарасора тәркіленіп орақ табылды. Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес барлығы 39 келі 700 гр кептірілген марихуана, 22 келі кептірілмеген марихуана тәркіленді.
НОЛ: Ұсталған адам өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ол бұрын осындай қылмыстар жасағаны үшін сотты болған. – Күдікті түнде сағат 23:50-де ұсталды. Негізінен есірткі сатушылар түнде жұмыс істейді. Сондықтан біз тоқтаусыз режимде жұмыс жасаймыз. Әсіресе қарасораның қаулап өсіп тұрған кезеңінде демалыс жоқ. Күдіктіге қатысты аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтағаны үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – деп пікір білдірді облыс ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Nappa.kz ЖШС: 400 млн теңге инвестициясы және жылдық 200 мың жұп аяқ киім өндірісі бойынша статистикалық шолу

AdiletTV

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕ ҚАРАУЫЛ БАСТЫҒЫНА ОҚ ТИІП, ҚАЗА ТАПТЫ

AdiletTV

Бірлік – мызғымас мемлекет пен өркенді болашақтың негізі

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз