4.3 C
Shymkent
27 ноября, 2024
adilettv

ПОЛИЦЕЙЛЕР БІР МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН АСАТЫН ЭЛЕКТРОНДЫ ТЕМЕКІ ТӘРКІЛЕДІ

Таразда «Қарасора-2024» іс-шарасы барысында шекпейтін темекі өнімдерін сататын «Smoking shop» жерасты дүкені анықталды. Тінту барысында 113 электрондық вейп табылып, тәркіленді. 8000 рет ішке тартатын «Waka» маркалы электронды темекінің 1 данасының бағасы 10000 теңгеден сатылады. 45 жастағы тұрғынға қатысты вейптерді тарату дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті өз кінәсін толық мойындады.
Жамбыл облысының Полиция департаменті ағымдағы жылдың 20 маусымынан бастап Қазақстанда шегілмейтін темекі өнімдерінің, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), олар үшін хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымына тыйым салынғанын және криминализацияланғанын ескертеді. Оларды өндіру, әкелу, сату және тарату қазіргі таңда қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Шегілмейтін темекі өнімдерін, электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сату және тарату 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не түзеу жұмыстарына не 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 50 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу түріндегі жаза көзделген.

Бөлісу

Related posts

Шымкент қаласы: Абай АПБ қарасты халық көп шоғырланатын жерлерге алаяқтық бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді.

AdiletTV

Новый сервис: выездной персональный менеджер ЦОН

AdiletTV

ҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІС ПЕН СУ ҚОЙМАЛАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ КӨТЕРІЛДІ

Leave a Comment