5.3 C
Shymkent
21 ноября, 2024
adilettv

ҒҰСМАН ҚЫРҒЫЗБАЕВ 66 КЕЛІДЕ ҚОЛА МЕДАЛЬ АЛДЫ

Париж олимпиадасында Қазақстандық Ғұсман Қырғызбаев 66 келіде қола медаль алды. Бұл жүлдеге апарар жолда ол мықты дзюдошыларды қапы қалдырды. Биыл бірде-бір жарыста жүлде алмаған дзюдошы карьерасын аяқтар шақта олимпиада жүлдегері атанды. Ғұсманның олимпиада медаліне дейінгі жолына үңіліп көрелік.

Ғұсман Қырғызбаев Париж татамиіндегі доданың жартылай финалында сүрініп, кейін қола жүлде үшін белдесуде сербиялық спортшы Страхинья Бунчичті жеңген болатын. 66 кг салмақ дәрежесіндегі бәсекеде екінші қола медальді Денис Виеру (Молдова) еншілесе, күміс жүлдені бразилиялық Виллиан Лима қанжығалады. Ал Жапония өкілі Абе Хифуми чемпион атанды. Төрт дзюдошыны марапаттау рәсімі өтіп, Ғұсман Қырғызбаев қола жүлдені мойнына тақты. Айта кетейік, Ғұсман Қырғызбаев 1992 жылы 28 қыркүйекте Түркістан облысы Төлеби ауданында дүниеге келген. Ол – дзюдодан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, 2021 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2019 жылғы, 2022 жылғы Азия чемпионатының 2-турының қола жүлдегері, 2019 жылғы Гранд-Слам Абу Даби жеңімпазы, 2017 жылғы Анталия Гран-приінің жеңімпазы.

Бөлісу

Related posts

Полиция мал ұрлығының 3 фактісіне қатысы бар мал ұрлаушылар тобын ұстады

Қазақстанда өндіріс саласын қалай дамыту керек

AdiletTV

МҰНАЙШЫЛАР ӘУЛЕТІ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРУГЕ КЕЛДІ

AdiletTV

Leave a Comment