19.3 C
Shymkent
19 сентября, 2024
adilettv

ЕЛІМІЗДЕ 13 МЫҢНАН АСА АДАМ БАНКРОТ ДЕП ТАНЫЛДЫ

2023 жылы 3 наурыздан бастап елімізде «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілген болатын. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап 29,6 млрд сомаға 13 мың 384 адам банкрот деп танылса, қазір 6 мың 612 азаматқа қатысты рәсім жүргізіліп жатыр.
Жеке тұлғалардың банкрот атануының өзіндік салдары да бар. Олар 5 жыл ішінде несие ала алмайды. Төлемге қабілетсіз жеке тұлғаға қатысты 3 жыл бойы қаржылық жағдайына мониторинг жүргізіледі. Қайта банкроттықты 7 жылдан кейін ғана өтініш беруге болады. Айта кету керек, заңда үш рәсім қарастырылған: соттан тыс, сот банкроттығы және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Тәжірибе көрсеткендей, ең көп сұранысқа ие-соттан тыс банкроттық рәсімі.
2023 жылғы 3 наурызда «азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» ҚР Заңы күшіне енді. Осы заңнаманың мақсаты — халықтың борыштық жүктемесін азайту. Азаматтардың халыққа қызмет көрсету орталықтарында, электрондық үкімет порталы арқылы, сондай-ақ «E-Salyq Azamat», eGov mobile мобильдік қосымшалары арқылы өтініш беру мүмкіндігі бар.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Шымкентте «Бір ауыл – бір өнім» жобасының үздіктері анықталды

AdiletTV

Алматы мен Шымкентте қылмыстық топтың мүшелері ұсталды

AdiletTV

Министр қызметтен кететінін туған күні қарсаңында білген деседі

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз