Ақпарат

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ЕСІРТКІ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАР ҚЫЛМЫСТЫ ЖАСЫРУ ҮШІН КӨЛІКТЕРІН ӨРТЕП ЖІБЕРМЕК БОЛҒАН

Патрульдік полиция қызметкерлері кинолог мамандарымен бірлесіп, «Қарасора-2024» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу барысында «Алматы-Екатеринбург» тас жолының 340-шақырымында «Лексус ЕС 350» автокөлігін тоқтатқан. Жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында жолаушысы көлікке жанармай төгіп өртеп жібермек болған. Алайда, полиция қызметкерлерімен өрт дер кезінде сөндірілді. Аталған көлікті «Лэтти» атты қызметтік-іздестіру итімен тексеру кезінде артқы жүк салғышынан 4 полиэтилендік қапшыққа оралған өткір иісті, есірткіге ұқсас зат табылып, тәркіленді.Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат салмағы 105 келіге жуық кептірілген марихуана екені анықталды. Есірткі затын заңсыз сақтағаны және тасымалдағаны үшін Түркістан облысының және Астана қаласының тұрғындары ұсталды. Қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Жапонияда жер сілкінісінен 13 адам зардап шекті

AdiletTV

Көпқабатты үйде лифт құлап зардап шеккендер бар

AdiletTV

Күміс жүлдегер Демеу Жадыраевтың ауылындағы көшерлерге не себепті асфальт төселмегені белгілі болды

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз