12.3 C
Shymkent
25 ноября, 2024
Ақпарат

ТҮРКІСТАННЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ БОЙЫНША ЖОЛ КАРТАСЫ ӘЗІРЛЕНДІ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жиында жол картасының басым бағыттары мен алдағы жоспардың басты мақсаттары сараланды. Жол картасы 8 негізгі басым бағыттан тұрады. Бұл туралы Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қанат Қайыпбек кеңінен баяндады. Оның мәлімдеуінше, осы жылдың 6 айында қысқа мерзімді экономикалық көрсеткіш 6,5 %-ға өскен. І жартыжылдық қорытындысымен негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер толығымен орындалған. Облыста 42 өндірістік ғимарат орналасатын шағын өндірістік парк жобасы жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта жобаның І кезеңі аяқталып, 14 ғимарат іске қосылған. Жалпы 30,7 млрд теңгеге 10 жобаны іске асыру жоспарланған. Бүгінде 24,2 млрд теңгеге 7 жоба іске қосылды. Облыста аумағы «TURAN» арнайы экономикалық аймағы және 10 индустриалды аймақ бар. Онда 93,5 млрд теңгеге 83 өнеркәсіптік жоба жүзеге асырылуда. «Өңір экономикасында алға жылжу бар. Дегенмен, бірқатар бағыттар бойынша жұмыстарды жандандыру қажет» деген өңір басшысы жауапты сала басшыларына туризмді дамыту және креативті индустрияны қалыптастыру, ауыл шаруашылығы мен өндіріс саласына жаңа жобалар енгізу бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.

Бөлісу

Related posts

ОБЛЫС ӘКІМІ КЕЛЕС АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРМЕН БАРДЫ

AdiletTV

СОҢҒЫ 3 ЖЫЛДА КЕЗЕКТЕ ТҰРҒАН АЗАМАТТАРҒА ПӘТЕР БЕРІЛДІ

AdiletTV

Олимпиадада рекорд орнатқан қазақстандық спортшы жартылай финалға шыға алмады.

AdiletTV

Leave a Comment