6.3 C
Shymkent
21 ноября, 2024
Қоғам

«Көзімнің тұсын жырып, қабағым жарылды»: Ләйлә Сұлтанқызы ұшақта оқыс оқиғаға тап болды

Танымал журналист, продюсер Ләйлә Сұлтанқызы ұшақта денсаулығына зақым келтіріп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оның айтуынша, оқиға Шымкенттен Астанаға ұшып келе жатқанда болған.

“Бүгін кешкі 21:50 шамасында KC7326 рейсімен Шымкенттен Астанаға ұшып келдім. Ұшақтың есігі ашылмай, тұрып кеткен жанымдағы жолаушының абайсыздығынан бетіме үстіңгі сөреде тұрған ауыр (қатты) зат, отырған маған құлап, көзімнің тұсын жырып, қабағым жарылды. Бұл әуекомпаниясы қауіпсіздік шарасын сақтамағандықтан орын алған жағдай. Бордсеріктер мен әуекомпанияның алғашқы көмекке дайын емес болғанына қапа болдым! Не аптечка, не мұз, не суық зат, не қан тоқтатын, не салфетка жоқ”, – деп жазды Л. Сұлтанқызы.

Сонымен қатар журналист әуе компаниясының үстінен арыз жазғанын мәлімдеді.

“Меніңше, орнымда бала, қарт адам отырып, басы жарылса, қатты жараланса, миы шайқалса, көп қан кетсе жағдай қиын болар еді. Жауапсыздық! Әр бортсерік жолаушы мініп-түскенше адам денсаулығына жауапты, алғашқы көмек көрсетуге міндетті”, – деп жазды продюсер.

Бөлісу

Related posts

Түркістан облысында ер адам дәрігерді пышақтап тастады

ҚАЛА ӘКІМІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫН ДИАЛОГ АЛАҢЫНА АЙНАЛДЫРУДЫ ҰСЫНДЫ

admin

Испанияда Telegram блокталады

Leave a Comment