19.3 C
Shymkent
19 сентября, 2024
Оқыс оқиға

Алматыда ер адам әйел жүргізушінің көлігіне мініп, оны ұрмақ болған

Алматы полициясы өз көлігімен әйел жүргізушінің көлігін соғып, кейін оны ұрмақ болған күдіктіге қатысты тергеу жүргізіп жатыр.
Әлеуметтік желіде ер адамның әйел жүргізушіге күш көрсетпек болған бейнежазбасы тарады. Алайда бейнероликтен өзге азаматтардың әйелге араша түскенін көруге болады.
— Рысқұловтағы Магнум автотұрағы. Қызды әрең арашалап қалдық… ұрып, тағы тістеп алған, — делінген бейнеролик астындағы жазбада.
Аталған жағдайға байланысты түсініктеме берген қалалық Полиция департаменті тергеу жүріп жатқанын хабарлады.
— Аталған дерек бойынша Жетісу аудандық полиция басқармасы тергеу жүргізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталады. Құқық бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қолданылады, — деп хабарлады департаменттен.
Айта кетейік, Алматыда балалар жыл басынан бері 623 жол-көлік оқиғасына ұшыраған.

Бөлісу

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖАНЫП ЖАТҚАН КӨЛІК ЖҮРГІЗУШІСІНЕ ЖЕДЕЛ КӨМЕК КӨРСЕТТІ

AdiletTV

КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНҒА ҚАТЫСТЫ ЖЫНЫСТЫҚ СИПАТТАҒЫ ЗАҢСЫЗ ӘРКЕТ ФАКТІСІ ТІРКЕЛДІ

Шымкентте 20 жастағы қызды көлік қағып кетті

AdiletTV

Пікір қалдырыңыз